Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық жалпыұлттық жобасы басталды

  • AstanaTV
  • 07 қаңтар 2016
  • 1542

Ақтөбеде «Үлкен мемлекет- үлкен отбасы» жалпыұлттық республикалық акция басталды. Бұл ауқымды шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Бастамаға Қазақстан халқы Ассамблеясы мұрындық болды.

Мерекелік шараға ардагерлер, студенттер, этномәдени бірлестік өкілдері, жалпы 4 мыңға жуық адам қатысты. Келушілер назарына егемендігін алған Қазақстанның өткен тарихынан сыр шертетін театрлық қойылымдар ұсынылды. Сонымен қатар мерекелік шара өткен спорт сарайынан үгіт-насихат пойызы жолға шықты. Дәрігерлер, заңгерлер, "Нұр Отан" партиясының мүшелері мінген көлік екі ай бойына облыстағы әрбір ауылға соғып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді, заң тұрғысынан кеңестер бермек.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

Бүгін үгіт пойызы біздің өңіріміздің барлық аудандарына, қалаларына жолға шығады. 5 мыңға жуық кездесулер өткізеді. Сондағы біздің негізгі мақсатымыз - мына тұрғындарға 25 жылдағы біздің жеткен жетістіктерімізді, еліміздегі атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау.

Мансұр ЕСҚОЖИН