Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі бірдей жол апатына себепкер жүргізуші полицейлерді жарақаттады

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2018
  • 2481

Астанада оқ атылды. Жол апатын жасаған жүргізушінің көлігінің дөңгелегіне полицейлер оқ атуға мәжбүр болды. 35 жастағы қала тұрғыны алдымен Жұбанов көшесінде көлікті соққан. Оқиға орнынан ізін суытпақ болғанда, Абай көшесінің қиылысында тағы біреуін қағады. Оны тоқтатпақ болған құқық қорғаушыларға құлақ аспағаны аздай, олардың бірін жарақаттаған.   

Алмас СӘДУБАЕВ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ :

Жол қиылысында өзін тоқтатпақ болған полция қызметкерін сүйретіп кеткен. Бұл қуғын Құдайбердіұлы көшесіне дейін жалғасты. Сол көшеде оның алдын бөгеген полицейлер оны ұстап бөлімге жеткізді. Қазір билік өкіліне күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, қашқын-жүргізушіге қатысты құқық бұзушылық кодексінің 6 бірдей бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұған дейін оның бұзақылық әрекеттері бойынша жауапқа тартылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда ол уақытша қамау изоляторына жабылды.

Ғ. Қылышбаева