Русский Сайттың толық нұсқасы

Италияда құйындаған дауыл 6 адамның өмірін қиды

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2018
  • 3473

Ал, Италияда табиғи апат. Құйындаған дауыл 6 адамның өмірін қиды. Желдің максималды жылдамдығы 130 км/сағатты құраған. Ал, толассыз жауған нөсерден Венеция орталығының 75%-ы су астында қалды. Оқиға орнындағы куәгерлердің фото-видеолары жан түршіктіреді. Үйлер, мектептер, кафелер мен мейрамханалар-барлығы су астында қалған. Бұл кезең Венецияда маусымдық құбылыс болып табылады. Оған себеп, Венеция каналына Адриатикалық теңізден желдің әкеп қосатын су мөлшері. Биыл су теңіз деңгейінен 156 см-ге көтерілді. Бұндай көрсеткіш соңғы рет 2012 жылы тіркелген. Қазір Италияның барлық қалаларында қатты жел, жаңбыр, найзағай мен дауыл байқалып отыр. Сонымен қатар, елдің бес солтүстік облысында «қызыл» - метео қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды.