Русский Сайттың толық нұсқасы

Байланыс құралдары қай кезде бұғатталады?

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2018
  • 3300

Интернет пен байланыс желілерін бұғаттау туралы Үкімет қаулысына қатысты Дәурен Абаев бүгін кешке дейін «Фейсбукте» түсініктеме беруге уәде етті. Бұған дейін төрт мемлекеттік органға әлеуметтік, табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар кезінде интернет және байланыс құралдарын бұғаттау құқығы берілді. Олар: Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі. Қаулыға тек Президенттік, Үкіметтік және шұғыл қызметтер бағынбайды. Журналистер байланыс нақты қандай жағдайда ажыратылатынын Үкіметте анықтамақ болды. Көпшілік қаулыдағы «Әлеуметтік төтенше жағдай» деген терминнің мағынасын түсінгісі келеді.

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ:  

Осындай жағдай болып қалса, міндетті түрде өшіріледі деген сөз емес. Осы мәселені толық қарап, жауабын беруге дайын боламын.

Қалмұханбет ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:  

Мы сейчас опбубликуем закон и вы все почитаете.

М. Дюсекина