Русский Сайттың толық нұсқасы

«7-20-25» бағдарламасымен 2 658 адамның өтініші қабылданды

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2018
  • 2518

«7-20-25» бағдарламасы басталғалы 2 658 адам баспаналы болды. Банктер 31,8 млрд теңгені қарызға берген. Мәліметті Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратты. Бүгінде ипотекалық несие алғысы келген 4 мыңға жуық адамнан өтініш түскен. Олар баспаналы болуы үшін банктерден барлығы 47,1 миллиард теңге қарыз сұрап отыр. Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 7 банктен несие рәсімдеуге болады.