Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп бағдарламасы мен тағам сапасына салынған инвестиция экономиканың дамуына себепші-халықаралық сарапшылар

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2018
  • 2761

Мектепке дейінгі бағдарламалар мен білім орнындағы тағам сапасын арттыруға салынған әрбір доллар болашақта ел экономикасына 6-17 доллар пайда әкеледі. Яғни, балаға салынған инвестиция өзін-өзі толығымен ақтайды. Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы адам капиталын дамыту туралы зерттеуін жария еткен сарапшылар осылай дейді. 

Лилия БУРУНЧУК, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЫ: 

Бала бес жасқа толғанша инвестиция салу керек. Бұл қаржыны кез-келген үкімет бөле алады. Қазір әлемдегі жағдай тез құбылып барады. Сондықтан, балаларға жастайынан көңіл бөлінуі керек. Әрі бұл жұмыстың барлығы бала кезден қолға алынуы тиіс. 

Айта кетейік, биылғы Президент Жолдауында да дәл осы білім саласына үлкен мән берілген болатын. Әсіресе, мұғалімдердің дәрежесін көтеру туралы арнайы заң әзірлеу қажеттігі айтылды. Дүниежүзілік банктің дерегінше, қазір бұл мамандықты меңгеруге ұмтылғандар аз. Өйткені, жалақысы төмен, әрі кәсіби тұрғыда жоғарылау жоқтың қасы. Ал, бұл оқушылардың білім сапасына кері әсерін тигізеді.  

Сусанна АЙРАПЕТЯН, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША АДАМ КАПИТАЛЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Оқыту ісінде мұғалімнің рөлі орасан. Сондықтан, оларға да көңіл бөлу керек. Қазақстандағы оқытушылардың айлығы аз екені құпия емес. Жалақы мөлшері біздің есептеуімізше, банк қызметкерінен 6 есеге төмен. Яғни, мұғалім мәртебесін арттыру өте маңызды. Бұл істен қаржы аямау керек. 

О. Нұржақып