Русский Сайттың толық нұсқасы

«Сарыарқа» газ құбырының ЖСҚ әлі дайын емес

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2018
  • 2722

«Сарыарқа» газ құбыры өтетін екі облыста жобалық сметалық құжат әлі дайын емес. Яғни, газ тартуға қанша қаржы керегін Қарағанды мен Ақмола облыстары білмейді. Бұл республикалық бюджетті талқылау кезінде белгілі болды. Ал, газ келесі жылы тап осы уақытта елді мекендерге жетуі тиіс.  

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:   

Ақмола облысының әкімдігі биыл мамырда жобалық сметалық құжат әзірлеуге 100 млн теңге бөлді. Онда газ 20 елдімекенге тартылады. Қазір жұмысы қайнап жатыр. Жыл соңына дейін құжаттар мемлекттік сарапатамадан шығуы тиіс. Қарағанды облысында да осы жағдай. Қарағанды, Теміртау, Жезқазғанда 100 мың адам газбен қамтылады деген жоспар бар.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Қараша болды. Жыл соңына дейін жоба дайын болады дейсіз. Ақмола облысына жергілікті бюджетен 28 млрд теңге керек. Сізде, жергілікті бюджетпен тоғысатын нақты жоспар болу керек. Президент айтпақшы, жол салынды. Бірақ, аудан мен ауылға жолайырық жоқ. Газбен де солай болмасын, Қанат Алдабергенұлы.

М. Дюсекина