Русский Сайттың толық нұсқасы

Рашид-ад Диннің туындысы 700 жылдан кейін парсы тілінен алғаш рет қазақ тіліне аударылды

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2018
  • 5499

Астанада Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих» көптомдығы мен Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты екі томдық еңбегінің тұсауы кесілді. Ауқымды шараға Елбасы кітапханасы мен Халықаралық Түркі академиясы мұрындық болды. 5 томнан тұратын Рашид-ад Диннің бұл туындысы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 700 жылдан кейін парсы тілінен алғаш рет қазақ тіліне аударылып отыр. Шығарма түркі тарихын, мемлекет басқарған қағандардың шежіресін қамтыған сүбелі еңбек. Бекасыл Биболұлының «Зикзал» қос томдығы да қазақ халқының рухани танымы мен салт-санасынан сыр шертетін бағалы туынды. Тарихи жаухарлардың тұсаукесерін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ашты. Ол жинақталған туындыларды түркі тарихнамасындағы тендесіз шығарма екенін атап өтті. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Осы Қазақстан территориясындағы, Орта Азия территориясында өмір сүрген ата-бабамыздың тегі туралы, дамуы туралы, мемлекеттігіміздің қалыптасуы жайында бұл еңбек өте терең, ғылыми тұрғыда жасалған ақпарат беретіні сөзсіз.

Д. Сапарқызы