Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының 15 пайыз акциясы Лондон қор биржасына шығарылады

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2018
  • 2593

«Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының 15 пайыз акциясы Лондон қор биржасына шығарылады. Ол шамамен 3-4 млрд долларға бағаланып отыр. Ақпаратты Интерфакс агенттігі хабарлады. Ұлттық компания иесі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры құнды қағаздарды Лондон биржасына ғана емес, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына да шығарады. Ол 20 пайыздан кем болмайды. Бұған дейін ұлттық компанияның басқарма басшысы келісім қарашаның ортасына дейін жасалатынын мәлімдеді.