Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәдениет минстрлігінің қос лауазымды тұлғасы пара алды деп айыпталып отыр

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2018
  • 3352

Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуат Уәлиевті қызметінен уақытша шеттетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Бүгін министрліктің қос лауазымды шендісіне қандай айып тағылғаны белгілі болды. Министрліктің жауапты хатшысы мен әкімшілік департаментінің директоры мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін пара алды деген күдікке іліккен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы осындай мәлімдеме жасап, оларды ұстау кезіндегі жедел түсірімді жариялады. Әзірге шенеуніктердің мердігерден қанша қаржы сұратқаны белгісіз. Бюро өкілдері істің мән-жайын сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін жария етпек.

Жанна БАСТАРОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы мен Әкімшілік департаментінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр. Олар мердігерлік ұйымның басшысынан мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деп күдіктеледі.

Бұған дейін осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғаны хабарланған болатын. Жауапты хатшы Қуатжан Уәлиевты сот 6 млн теңге кепілдікпен босатқаны белгілі болды. Ал, үйқамақта отырған Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев қызметінен босатылған.  

Д. Сапарқызы