Русский Сайттың толық нұсқасы

Алғашқы IPO үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы өтініш кітапшасын ашты

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2018
  • 2945

«Астана» халықаралық қаржы орталығы алғашқы IPO өткізуді қолдауға дайын. Биржада «Қазатомөндіріс» акциялары үшін өтініш кітапшасы ашылды. Өтініштер қарашаның 12-сіне дейін қабылданады. Құнды қағаздарды ұсынуды Halyk Finance ұйымдастырады. Акцияға қызығушылық танытқандар қаржы орталығына мүше брокерлік компаниялармен байланысуы тиіс. Бүгінде 10 жергілікті және қытайлық ірі брокерлік компания биржа мүшесі ретінде тіркелген. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры «Астана» биржасына шығарылатын «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының акциялары 20 пайыздан кем болмайтынын хабарлады. Ал, құнды қағаздардың 15 пайызы Лондон биржасында саудаланады.  

Г. Меңдеева