Русский Сайттың толық нұсқасы

Керекуде трамвайдың рельстен шығуына жөндеу кілті себеп болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2018
  • 2320

Керекуде трамвайдың жолдан шығуына рельсте жатқан жөндеу кілті себеп болуы мүмкін. Бұл туралы арнамызға Трамвай басқармасының өкілі мәлімдеді. Апаттан қаланың орталық көшелерінің бірінде бірер сағатқа трамвай қозғалысы тоқтады. Төтенше жағдай түскі сағат бірлер шамасында болған. Ломов-Абай көшелерінің қиылысында жүріп келе жатқан трамвай рельстен шығып кетеді. Қоғамдық көлікте жиырмаға жуық жолаушы болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Трамвай басқармасы өкілінің сөзінше, аздап зақым келсе де қоғамдық көлік жұмысын тоқтатқан. 

Тимофей ГОЛЕВ, «ПАВЛОДАР ТРАМВАЙ БАСҚАРМАСЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Алдын ала болжам бойынша бұл жөндеу кілті. Рельсте жатқан. Салдарынан вагонның артқы бөлігін лақтырып жіберді. Ал, ол жол үстіндегі электр бағанына соғылып, оны құлатты. Осының кесірінен электр сымы үзіліп, аумақта ток болмай қалды.

Ә. Мұхитова