Русский Сайттың толық нұсқасы

ТМД елдері 5G интернетті бірлесе енгізеді

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2018
  • 3057

5G форматындағы интернетті қолданысқа енгізумен ТМД елдері бірлесе айналысуы керек. Ұйымға мүше мемлекеттердің Премьер-министрлерін қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев осылый,-дейді. ТМД-ға мүше 11 елдің Үкімет басшылары бүгін Астанда бас қосты. Ұйымға жыл бойы төрағалық еткен Тәжікстан күн тәртібіне маңызды деген 15 мәселені шығарды. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.  

Үкімет басшыларының кеңесі басталардан бұрын премьер-министрлер тегіс Ақордада жиналды. Бұл елдер арасында алыс-берістің дәстүрлі жолы бұрыннан қалыптасқан. Біреуі шикізатты шығарады, келесі оны өңдейді дегендей. Нұрсұлтан Назарбаев енді технопарктер интеграциясы қажет дейді. Яғни, инновацияда күш біріктіру керек. Мәселен, бүкіл әлем бет бұрған жасанды интеллектке жол ашатын 5G форматындағы интернетті бірге дамыту керек деді.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

В сфере торговли в среденем 25% товорообратов наших стран приходиться на СНГ. Для некотрых государств это доходит до 60 %.

Былтыр тауар айналым көлемі 25 пайызға артып, 164 миллиард долларға жетті. ТМД-ға мүше 11 ел арасында 2011 жылдан бері ортақ келісім бар. Құжат еркін сауда айналымға жол ашқан. Бірақ қызмет көрсету бұған кірмейді. Ресей тарапы құжат аясын кеңейтуді ұсынды.  

Дмитрий МЕДВЕДЕВ, РФ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:  

Біз келісе алмай жүрген бір мәселе бар. Ол осы құжат аясына қызметтерді енгізу. Және инвестицияны қамту. Егер, осы мәселе шешілсе, онда сауда мен экономика арасында байланыс бұдан да артады.

Биылғы жиынның бір жаңалығы Өзбекстан ТМД құрылғалы алғаш рет төрағалық етуге ниет білдірді. Ресми Ташкент 2020 жылы ТМД-ның тізгінін ұстауға дайындалып жатыр.  

Сергей ЛЕБЕДЕВ, ТМД АТҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Қазірден түрлі ұсыныстар білдіріп жатыр. Өзбекстан делегациясының башысы 2019 жылы Ташкентте ТМД аймақтарына «Қаржы банк форумын» өткізетінін айтып, шақырту жасады.

Биыл ұйымға Тәжікстан төрағалық етті. Бүгін күн тәрбібінде 15 мәселе қаралды. Олар: ядролық апат пен радиациялық жағдайға дайын болу, оның салдарын жою. Жоғары технологиялы энергетикалық қондырғылар өндірісі. Ғарыш кеңсітігін зерттеу, мемлекеттер арасында электронды ақпарат алмасу, тағысын тағы. Ал, келесі жылы ТМД төрағалығы Түркіменстанға өтеді.  

М.Дюсекина