Русский Сайттың толық нұсқасы

Азық-түлік жәрмеңкесі

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2018
  • 4182

800 тонна жеміс-жидек пен көкөніс, 50 тонна ет, 2 млндай тауық жұмыртқасы. Бұл қазақстандық фермерлердің Астанадағы жәрмеңкеге әкелген базарлығы. Енді қала тұрғындары бір ай бойы экологиялық таза, табиғи азық-түлікті арзан бағамен сатып ала алады.  

Астанада «Алтын күз» әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі басталды. Жеміс-жидек, көкөніс пен ет арзанға сатылып жатыр. Мұнда қой еті келісіне 1230 теңгеден басталады, сиыр еті 1300, жылқы еті 1400 теңге тұрады. Ал, картоп бағасы-55 теңге. Жәрмеңкеге арнайы Павлодар облысынан 150 тонна картоп жеткізілген. Ал, Ақмола облысынан 30 тонна сиыр еті мен 7 тонна қой еті келді. 

Алмас БӨРІБАСОВ, КӘСІПКЕР: 

Районымызда осындай көлемде ет сата алмаймыз.Осы жәрмеңкеге шақырып,осында осындай обьем етпен келіп тұрмыз. 

Жәрмеңкеде азық-түлік бағасы нарықтан 10 пайызға арзан. Өйткені, базардағы сөрелер тегін беріледі. Самсап тұрған азық сапасы да жіті тексеріледі. 

Ардақ ҚАЛДЫБАЕВ, «АЛАЙ БАЗАРЫ»КӨТЕРМЕ-БӨЛШЕК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Мұның барлығын бақылайтын адамдарымыз бар. Санитарлық нормаларын бақылап отырған лабороторияларымыз бар.Тек қана вед лоборотория емес, Фит лобороторияларымыз бар.Оның бәрі істеп тұр. 

Астанаға барлығы 150-ден аса шаруа өз өнімдерін әкелді. Әкімдік тұрғындардың арзан азыққа қол жеткізуіне осылайша жағдай жасамақ. 

Ерлан КАНАЛИМОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  

Қазір күз айлары бітіп жатқандықтан қыс айларының басында бағасы көтеріледі. Сондықтан, Павлодар,Қарағанды жақта көкөністер көп өскендіктен сол фермерлерімізді осында шақырып, шаруашылықтарды сатуға мүмкіндік беріп отырмыз. 

Мы рекламу получили и приехали на базар. Цены по ниже конечно чем у наших магазинах который рядом находиться.Вот сейчас собираемся мешками брать. 

Ну купили для себя доманшию мясо вкусненкую. 

Айта кетейік, жәрмеңке 3-ші желтоқсанға дейін жалғасады. «Алай» базары Алаш тас жолы бойында орналасқан.  

У. Қабылтайұлы