Русский Сайттың толық нұсқасы

Келер жылы Астанада ІТ университет ашылады-Н. Назарбаев

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2018
  • 2076

Келер жылы «ЭКСПО» базасында ІТ университет ашылады. Бүгін Astana Hub стартапшылар халықаралық технопаркінің ашылуында президент осылай деді. Ал, технопарк стартапшылардың әлемге танылуы үшін трамплин болады деген сенім білдірді. Инновациялық дамуды жылдамдығы жоғары пойызға теңеген мемлекет басшысы көштен қалмау керек деді. Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерді де дарынды стартапшыларды қолдауға шақырды.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Важной составляющей реализации стартап идеии является финансовая поддержка, конечно. Для этого мы создаем клуб бизнес-ангелов, Ассоциацию венчурных капиталистов, Фонд соинвестирования. Я думаю, что и правительство, и все эти фонды будут активно поддерживать талантливых ребят, которые будут заниматься.

Бүгінде технопаркте бірнеше стартап жоба жасаушы жас жұмыстарын бастап кеткен. Телемедицина нарығына алғаш болып кіруді мақсат тұтқан топ «Зумкеар» мобильді қосымшасын ойлап тапқан. Бұл дәрігерлер мен науқастар арасындағы шекараны жояды. Шалғай ауылда отырып-ақ шетелдік дәрігердің кеңесін алу үшін жобаға 500 мың АҚШ долларын құю қажет. Оған Сауд Арабиясының инвесторлары қызығушылық танытқан. Жоспар бойынша 2022 жылы технопаркте қолға алынған жобаларға 67 млрд теңге инвестиция құйылмақ.  

Әсемгүл ТҰЯҚОВА, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: 

Астана хаб бізге кеңсе беріп жатыр, интернет барлық жағдаймен қамтып жатыр. Соның ішінде инвесторлармен кездесуге менторлар беріп жатыр яғни, ақыл айтып, қай бағытта жүру керек, қалай даму керек, барлық жағдайларды көрсетіп жатыр. Тіпті, шетелден, басқа қаладан келген адамдарға жататын орынмен де қамтамасыз етіп жатыр.  

Г. Меңдеева