Русский Сайттың толық нұсқасы

Польша Еуроодақтан шығуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2018
  • 2339

Саяси қателіктер кесірінен Польша Еуроодақтан шығып қалуы мүмкін. Еврокеңес басшысы Дональд Туск отандастарын ойлануға шақырды. Бұл туралы Рейтерс хабарлайды. Кезінде жәй ғана референдум өткізген Дэвид Кэмерон Ұлыбританияны Еуроодақтан шығаруды жоспарлаған жоқ,-дейді саясаткер. Еурокомиссия қазір Польшада заңның сақталуына қатысты қатаң тексеріс жүргізіп жатыр. Осы елдің экс-премьері Тусктің өзі «Amber Gold» ісі бойынша сотта жауап беру үшін, келді. Айта кетейік, қаржы пирамидасы кесірінен 18 мың поляк азаматы 250 млн долларға банкротқа ұшыраған-ды. Аталмыш компанияда Тусктың ұлы Михаил да жұмыс істеген.  

Дональд ТУСК, ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Жетекші партияның көшбасшысы Ярослав Качинский Еуроодақтан шыға ма, жоқ әлде соған әкелетін әрекетті жоспарлап отыр ма мен үшін ол маңызды емес. Мәселен, Кэмерон да Ұлыбританияны Еуроодақтан шығаруды жоспарлаған жоқ. Польшаны Одақ құрамында ұстап тұру Британиямен салыстырғанда әлдеқайда қиын.

А. Бектас