«Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы, халыққа қызмет көрсетуде аймақтар арасында алдыңғы қатарға шықты. Бұл туралы бүгін Таразда өткен филиалдың екі жылдық есеп беру-сайлау конференциясында айтылды. Жиын барысында медицина мекемелеріндегі бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстары сөз болды. Денсаулық сақтау мамандары арасындағы партиялықтардың санын 8 мыңға жетіпті. Ал, биылдан бастап облыс аумағында халыққа жедел медициналық көмек көрсету деңгейі өспек. Өйткені, бұл бағытта өңірдің түк-түкпірінде 29 дәрігерлік нысан салу қолға алынған. Жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қаныбек Жұмашев Жолдаудың негізгі ережелерінің орындалу барысына баса назар аударып, мониторинг жасау мәселесін ұсынды. Жалпы аймақта 337 бастауыш партия ұйымы бар. Соның ішінде Жуалы ауданы көш бастап тұр. Олар жергілікті тұрғындардан түскен 700-ге жуық өтініштің 400-інің оң шешім табуына сеп болған.
Анар АХМЕТОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Бізде ауданда жұмыс істейтін 30 бастауыш партия ұйымы бар. Бауыржан Момышұлы атымен аталатын бастауыш партия ұйымы аймақтық-аумақтық кезеңде де бірінші орынды иеленіп, бүгінгі таңда республикалық байқауға жолдама алып отыр. Ал, аудан бойынша партия мүшелерінің бүгінгі күнге саны 4750-ді құрайды.
Д. Әлімқұл