Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазір университет басшыларының табысын ешкім тексермейді-Ә. Байменов

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2018
  • 2340

Осындай жемқорлыққа жол бермеу үшін жоғары оқу орындарының ректорлары табыс декларациясын тапсыруы тиіс. Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушысы Әлихан Бәйменов осылай дейді.Оның айтуынша, қазір университет басшыларының табысын ешкім тексермейді. Осыны пайдаланған әккілер мемлекет қаражаты мен өз беделін жеке бизнесін дамытуға пайдаланатын көрінеді.  

Әлихан БАЙМЕНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ХАБТЫҢ БАСҚАРУШЫ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ:        

Еліміздің Жоғары оқу орындарында жемқорлық кең етек жайғаны ешкімге жасырын емес. Студенттердің оқуға келмей, ақшамен бар мәселелерін шешетіні былай тұрсын, жемқорлық ректоратты да жайлаған. Сондықтан, университет не институтқа ректор тағайындалғанда, оның жеке меншік оқу орындарымен байланысы бар ма, жоқ па, сол егжей-тегжейлі тексерілуі тиіс.