Русский Сайттың толық нұсқасы

Бозымбаев былықтан бейхабар

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2018
  • 2432

Энергетика Министрі Қанат Бозымбаев шатылып жатқан орынбасарының әрекетінен бейхабар болып шықты. Су жаңа вице-министрдің жемқорлығы туралы кеше жұртпен бірге естіген. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Президенттің алдына Анатолиий Шкарупа бюджеттің 215 миллион теңгесін жымқырды деп ұсталғанын жайып салды. Бір айға толар-толмас бұрын Шкарупа Энергетика министрінің орынбасары болып тағайындалған. Ол 2015 жылы Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі бола тұра бюджеттің 215 миллион теңгесін талан-таражға салды деп айыпталып отыр. Шахарда орталық жылу жүйесінің жоқ екенін біле тұра, ол бюджет қаражатына ешкімге қажеті жоқ жылу есептегіш құралдар алдырған. Шенді қылмысын жасыру үшін құрылғыны бос қабырғаларға орнатыпты.   

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Бұл 2015 жылы болған жағдай. Ал маған орынбасар болып ол бір ай бұрын ғана тағайындалды. Сондықтан оның бұрынғы іс-әрекеттері туралы ештеңе айта алмаймын. Сіздер білесіздер, вице министрлерді Министр емес, Үкімет тағайындайды. Сондықтан, айыпталушы мен айыптаушы өзара бұл мәселені шешеді деп ойлаймын.

Қанат Бозымбаевқа орынбасар шақ келмей қойды. Анатолий Шкарупаның өзі үйқамаққа алынған бұрынғы вице-министр Бақытжан Жақсалиевтің орнына келген еді. Ол да қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджетке 800 миллион теңгеден астам шығын келтірді деп айыпталған болатын.