Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаларын басқара алады-«LS» порталы

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2018
  • 2376

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаларын басқара алады. Ұлттық банк ол үшін концепция әзірлеп жатыр. Бұл туралы «LS» порталы хабарлады. Жаңа жүйе қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражаттарын өздері қалаған басқарушы компанияларға салуға мүмкіндік береді. Олар бас банктен лицензия алады. Қойылатын талап жоғары. Жеке капиталы жеткілікті, тәуекелдерді бағалау мен ішкі бақылау жүйесі, мамандар біліктілігі жоғары болуы тиіс. Дегенмен, таңдау жасамаған салымшылардың қаражатын әдеттегідей Ұлттық банк басқаратын болады. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұрынғы қызметін атқармақ. Бүгінде реформа Үкімет пен бизнес қауымдастық арасында талқыланып жатыр.  

Г. Меңдеева