Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан экономикасының дамуы 10 пайыздан 4 пайызға төмендеді

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2018
  • 10342

Қазақстан экономикасының дамуы 10-нан 4 пайызға дейін құлдырады. Астанада баспасөз мәслихатын өткізген Дүниежүзілік банк сарапшылары осындай мәлімдеме жасап отыр. Мұнай бағасы шарықтап тұрған 2000-ны жылдары сырттан келген инвестициялардың арқасында біршама дамыған ел экономикасы 2008 жылғы дағдарысқа төтеп бере алмаған. Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай әлемнің біраз елдерін айналып өтпегенімен, Қазақстан экономикасына қиын жағдай туғызды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларының даму көрсеткіштері қатты құлдыраған. Зерттеушілердің айтуынша, жағдай осылай қала берсе, халықтың табысы азайып, елді кедейшілік жайлауы мүмкін.    

Хулио РЕВИЛЛА, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ОРТА АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЭКОНОМИСТІ:   

Соңғы жылдары өндірістің дамуы тежелді. Бұл ел тұрғындарының табысы мен әл-ауқатына кері әсер етті. Экономиканы әртараптандыруға, жеке секторды қолдауға сырттан өте көп инвестиция тартуға мән беру керек.

Жуырда ғана Дүниежүзілік банк жариялаған «Doing bussiness» рейтингісінде Қазақстан 190 елдің ішінде 28 орынға тұрақтады. Бұл елге инвестиция тарту үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанын білдірсе керек. Алайда, оған қызығушылық танытып, ақша құйып жатқан шет елдік компаниялар әлі де көп емес,-дейді сарапшылар. Өз зерттеулерінде олар экономиканың дамуына кедергі келтіріп тұрған басты үш себепті анықтапты. Олар-жемқорлық, тамыр таныстық пен нарықтың құбылуы көрінеді.  

Хулио РЕВИЛЛА, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ОРТА АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЭКОНОМИСТІ:   

Бірқатар Орта Азия елдері мен Қазақстанда тиімділігі өте төмен алып кәсіпорындар бар. Олар сонда да жұмыс істеп жатыр. Үкімет табиғи бәсекелестік сақтай отырып, нарықты реттеуі тиіс.