Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Бас прокурорды қабылдады

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2016
  • 1965

Елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау керек. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Бас прокурорды қабылдап, осындай тапсырма берді. Кездесуде Жақып Асанов салада атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізді. Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде прокурорларға үлкен жүк артылғанын тілге тиек етті. Ал соңғы кезде қабылданған заңдар қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталғанын атап өтті.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:

Елбасы баяндама қорытындысымен бірқатар нақты тапсырмалар қойып, әсересе халықты алаңдататын мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмасын берді.