Шымкент пен Түркістан облысында жыл басынан бері ВИЧ жұқтырған 57 аяғы ауыр әйел тіркелген. Оның 44-і аман-есен босанып алған. Бұл жайында СПИД-пен күрес орталығы мамандары айтты. Адамның иммун тапшылығы вирусына шалдыққандардың 18-і Шымкент қаласының тұрғыны. Өзгесі облыс тұрғындары. 44 келіншектің 31-і ВИЧ жұқтырғанын жүктілік кезінде бір-ақ білген. Қалған 13-і есепте тұрғандар. Олар жүктілікті алдын ала жоспарлағандар,-деді орталық дәрігерлері. Сондай-ақ, өмірге келген нәрестелер кеселден аман.
Қожахмет МАШИРОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
АИТВ жұқтырған әйелдерден туылған балаларға медициналық бақылау жүргізіледі. Олардан бір айында, екі айында және 1 жасқа толған кезде анализ алады. Бақылауды 1,5 жасқа дейін созатын жағдай болады. Бүгінгі күнде биыл біздің облысымызда туылған балалардың ішінде ешқайсысынан ВИЧ инфекциясы анықталмады. Олардың жағдайлары бір қалыпты.
А. Төребекқызы