Русский Сайттың толық нұсқасы

«АрселорМиттал Теміртау»- дағы өрт

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2018
  • 1960

Газ құбыры апатынан шойын өндірісі 90 пайызға, болат өндірісі 100 пайызға тоқтады. Желілер бірнеше метрден бірнеше шақырымға дейін зақымданған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты.  

Владимир БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Коммуникацияға айтарлықтай зиян келді. Ауа шығаратын түтіктердің де быт-шыты шықты. Сол сияқты құбыр жолдары да бұзылды. Бұл коммуникациялардың орнына тез арада басқасын салу қарастырылып жатыр. Шығынды анықтау үшін комиссия жұмыс істейді. Апаттың себебі мен кінәлі адам туралы кейінірек хабарлайтын боламыз.