Русский Сайттың толық нұсқасы

Саудтық журналист Хашоггидің соңғы сөздері жарияланды

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2018
  • 2939

Саудтық журналист Хашоггидің соңғы сөздері жарияланды. Аудиожазбада «Тұншығып барамын. Басымнан қапшықты алып тастаңыз, менде клаустрофобия» деп жазылған көрінеді. Ақпаратты «Al-Jazeera» мен «Daily Sabah» түрік газетінің журналисті Назиф Қараман бөліскен. Қараманның айтуынша, Хашоггиді өлтіру процесі 7 минутқа созылғаны жазбадан белгілі болып отыр. CNN агенттігінің мәлімдеуінше, Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған Хашоггидің өліміне байланысты аудиожазбалармен АҚШ, Германия, Франция және Ұлыбританиямен бөліскен. Америкалық басылымдардың хабарлауынша, осылайша Түркия билігі Сауд Арабиясына серіктестері арқылы қысым келтіріп, істің мән-жайын толық түсіндіруін талап етіп отыр деп, жазады. Айта кетейік, сауд журналисті Түркиядағы Сауд Арабиясы консулдығында өлтірілген.  

Ә. Өмірзақ