Русский Сайттың толық нұсқасы

Санкциядан мұнай бағасы өсуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2018
  • 2734

Иранға қарсы санкциядан мұнай бағасы едәуір өсуі мүмкін. «Астана клуб» алаңында америкалық сарапшы Роберт Каплан осылай деді. Айтуынша, бұл Ресейге және басқа да экономикасы шикізатқа тәуелді елдерге оң ықпал етеді. Еске салайық, АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары 6-қарашада күшіне енді. Америка 8 елге Ираннан мұнай импортын алты ай ішінде барынша шектеу туралы талап қойған. Олар: Түркия, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Италия, Греция, Жапония мен Тайвань. Мемлекеттік хатшы Майкл Помпео осылайша ирандық «Қара алтын» экспортын біржола тотатуды көздейтіндерін айтты.  

Роберт КАПЛАН, САРАПШЫ:  

Иранға Америка салған санкцияларды ескермеуге болмайды. Мұнай мен газ бағасын өсіретін барлық жағдайлар Ресей сияқты энергоресурс өндіретін елдерге тиімді.

Сондай ақ, сарапшы АҚШ-Қытай қарым-қатынсына тоқталды. Жағдай сауда соғысымен шектеліп қалмай, әскери қысым ушығуы мүмкін,-дейді. Ал, бүгін «Астана клуб» сарапшылары 2019 жылы Еуразия құрлығына төнетін сын-қатерлер рейтінгін жариялады. Оның ішінде 5-шісі «Қару-жарақ жарысы»,-дейді. Өйткені, жақында АҚШ орта және қысқа қашықтықтағы зымырындарды жою келісімнен суыт шығып кетті. 1987 жылы күшіне енген құжатта 1000-нан 5500 шақырымға дейін зымыран атуға тиым салыған-тын.  

Ержан САЛТАБАЕВ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Қазір белгілі америкалықтар бірініші кезекте шағын және алыс қашықтықтағы зымырандарды Қытайға жақын орналастыра бастайды. Пентагон оны бұған дейін талай айтқан. Қиын кезде Қытайды нысанға алу керек. Қытай қысымға түседі. Оның жауап беруге қауқары жоқ. Бірақ, қарулану үшін қарап қалмай, барын салады.

М. Дюсекина