Юань Қазақстан қор биржасында рекордтық сауда-саттық құралына айналды. Валюта нарығының ойыншылары өткен 10 айда 441 сауда келісім-шартын жасап үлгерген. Оған еліміздегі 12 екінші деңгейлі банктер атсалысыпты. Бұл сауда-саттықтың жалпы көлемі 9 млрд. теңге яғни, өткен жылмен салыстырғанда 75%-ға артқанын айтып отыр мамандар. Ал, жалпы «KASE» алаңында 21 млрд. теңгеге шетел валюталары саудаға түскен.
Азамат ЫСМАҒҰЛОВ, «КАSE» АҚ АҚПАРАТТЫҚ САРАПТАМА БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Егер, осы жылдың 10 айын қарасақ, өткен жылдың 12 айымен салыстырғанда көрсеткіш өте жоғары. Яғни, 175 млн. юань саудаланды. Жалпы алғанда осы күнге дейін 437 млн. юань айырбас құралына айналды. Соның 40 % биылғы жылға тиесілі болып отыр. Біз жылдан жылға Қытай валютасының қаржы нарығындағы рөлінің артуын байқап отырмыз.
Р. Асқарбекұлы