«ҚазАгро»
4 млн долларды құрдымға жіберуі мүмкін.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Омархан Өксікбаев осылай деді. Жиында
бюджеттің атқарылуы жөніндегі мәселе талқыланған. Екі жыл бұрын Ұлттық басқарушы
холдинг 4 млрд теңгеге құнды қағаз сатып алған. Соның 806 млн долларын әр түрлі
банктердің депозитіне салады. Соманың тең жартысы 4 банкке небәрі 3,5 пайызбен
берілген көрінеді. Депутат, құнды қағаздың неліктен төмен пайызға берілгенін, түсіндіруді талап етті.
Омархан
Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
«Цесна
банкке» бір жылға 268 млн доллар депозитке салынып отыр 3,2 пайызбен. Неге өздеріңіздің сыйақыңыздан төмен ставкамен депозитке қойдыңыздар? Басқа
банктерге 5,6 пайызбен орналастырып отырғансыздар. Біреудің қалатасында кеткен
жоқ па, деген қауіп бар. Жобамен санаған кезде, осы уақытта сол депозитке салған
қаражаттан холдинг 4 млн доллар зиян шегіп отыр.
«ҚазАгро»
өкілі жауабын жазбаша беруге уәде етті. Ал мәжілісмен Сапар Ахметов сыртқы
қарыз шамадан тыс өсіп кеткеніне алаңдаулы. 2013 жылы Президент жарлығымен
бекітілген Бюджет саясаты тұжырымында сыртқы қарыз жалпы ішкі өнімнің 22
пайызынан аспауы тиіс делінген. Ал бүгінде оның көлемі 56 пайызға жеткен.
Сапар
Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Ұлттық
компаниялардың борыштарының жалпы көлемі, атап айтқанда: «Самұрық Қазына» АҚ,
«ҚазАгро» АҚ, «Бәйтерек» АҚ, 2016 жылдың
қаңтарында 42 млрд АҚШ долларына жетіп, шамамен ІЖӨ 34 пайзын құрап отыр.
Нәтижесінде біріктірілген мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектордың
борышының көлемі 68,6 млрд АҚШ доллары немесе ІЖӨ 56 пайызын құрады.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ