Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда «Еnglish for Jastar» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2018
  • 2081

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Болашақ» Қауымдастығы қолға алған «English for Jastar» жобасы Оралда сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба бойынша АҚШ, Еуропа мен Азия елдерінің ағылшын тілді мамандары және осы тілді жетік меңгерген қазақстандық студенттер балаларға сабақ береді. Тың бастама облыстың алты ауданындағы жоғары сынып оқушыларын қамтыған. Кейін облыстағы өрендерге түгелдей тіл үйрету жоспарда бар. Осылайша, жоғары сынып оқушылары сабақтан тыс уақытында күніне 2 сағат ағылшын тілін үйреніп жүр. Енді оралдық еріктілердің қатарына Пәкістан елінен келген Джадун Аймалхан да қосылды. Қазір ол ауыл балаларына ағылшын тілінен қосымша дәріс береді.  

Азамат МАҒЗОМОВ, «ЖАС ОТАН» ЖҚ БҚО ФИЛИАЛЫ МЕНЕДЖЕРІ: 

Ағылшын тілі барлық мектептерде жүргізіліп жатады ғой. Бірақ, біз осы шетелдік азаматты әкелген себебіміз, ол оқушыларға жаңаша формат әкеле алады. Ағылшын тілінде сөйлейтін азаматты көрген кезде онымен сөйлесіп, сұрақтарын қойып, ерекше әсер алады ғой оқушылар. Тілдерін жетілдіруге тырысатын болады.

Е. Карин