Русский Сайттың толық нұсқасы

Вице-министр Шкарупа лауазымынан кетпек-Бозымбаев

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2018
  • 2238

Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа лауазымынан кетпек ниетте. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деп мәлімдеді. Ал, Шкарупаның энергетика вице-министрі лауазымына келгеніне тек бір ай ғана өтті. Еске сала кетейік, Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Анатолий Шкарупаға 2015 жылы Саран қаласының әкімі болғанында қалада жоқ жылыту орталығына есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені жымқырды деп айып таққан болатын.  

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: 

Менің білуімше, ол бұл іске куәгер болу үшін шақыртылған. Біз қазір оның министрліктегі жұмысы туралы мәселені шешіп жатырмыз. Өзі вице-министр ретіндегі қызметін тоқтатуды немесе өз еркімен жұмыстан кетуді қалап отыр. Бұл мәселе шешіліп жатыр.

Ә. Өмірзақ