Русский Сайттың толық нұсқасы

Теңге сыртқы факторлардан әлсіреп жатыр

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2018
  • 1845

Теңге сыртқы факторлардан әлсіреп жатыр. Ұлттық валюта бағамы соңғы он айда 12,7 пайызға төмендеген. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Теңгенің құнсыздануына шетелдегі жағдайлар әсер етіп отыр. АҚШ федералды қоры жүйесінің мөлшерлемені көтеріп, капиталдардың дамушы елдер нарығынан Америкаға кетуінен доллар күшейді. Оған Ресей рублінің арзандауын қосыңыз. Ұлттық банк төрағасы осылай деп отыр. Теңгенің бүгінгі құны бір долларға шаққанда 374 теңге 47 тиынды көрсетіп отыр.  

А. Сейфулла