Русский Сайттың толық нұсқасы

Назарбаев Трампқа үндеу жасауға шақырды

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2018
  • 2654

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қауымдастықты Дональд Трампқа үндеу жасауға шақырды. Бүгін «Астана Клуб» алаңында жиналған белді сарапшылар алдында ядролық қарудан біржола бас тарту туралы байламға келу керегін айтқан Қазақстан Президенті жиналғандарға осындай ұсыныс айтты. АҚШ Бірініші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде Ұлттар лигасын, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Бірікен ұлттар ұйымын құруға мұрындық болған ел. Адамзатты игілікке бастауға септескен. Сондықтан, Трамп ата-баба дәстүрін жалғайды деп үміттенді. Президент әлемдік Антиядролық бағдарламаны қайта қарау туралы келісімге келу керегін айтты.   

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Остается нам всем обратиться к господину Дональду Трампу, чтобы он вспомнил традиции своих предков. Если он сейчас предложит собраться и обсудить все эти вопросы я думаю, не будет стран, которые бы не поддержали. Так что давайте обратимся. 

Президент бұған бекерден-бекер тоқталған жоқ. НАТО-ның алыс және жақын қашықтықтағы зымырандарды жою келісімінен шығуы қазір тараптарды шынымен алаңдата бастады. Құрама штаттар Ресей мен Қытайдың тап бүйірінен баллисткиалық қару кезеп қойса, бұл Кариб дағдасының қайталануына әкелуі мүмкін,-дейді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Обострение геополитического соперничества между Россией, США и КНР проходит не только в глобальном контексте, но и в периметре большой Евразии. Сложные моменты в данном стратегическом треугольнике присутствовали всегда, если мы вспомним историю. Уровень их управляемости в последние годы резко снижается, отныне масштабные кризисы возможны как никогда.  

М. Дюсекина