Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумы басталды

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2018
  • 2669

Астанада «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумы басталды. Форумға әр өңірден 600-ден аса делегат келді. Онда Президент жүктеген тапсырмалардың орындалу жолдары талқыға түсті. Форумдағы айтылған ұсыныстар мен сауалдарды тілшіміз айтып берсін.  

«Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумы бірінші рет осындай көлемде ұйымдастырылды. Бұған дейін өңірлерде төрт бірдей аймақтық форумы өткен. Бүгінде партияда 6 мыңға жуық бастауыш ұйым бар. Форумда олардың атқарар жұмыстарын айқындап беруге басымдық беріледі. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Форумның бірінші күнінде панельді сессияларды өткіземіз. Онда партиялық жұмыстың халықаралық тәжірибиесі, БАҚ мен әлеуметтік желідегі жұмыстың заманауи технологиялары, партиялық резервті қалыптастыру, біздің бастауыш партия ұйымдарының жұмысын бағалау жұмысы және де басқа да көптеген мәселелерді бүгін қарастырамыз.

Сессия жұмысы ашық форматта өтті. Онда өңірден келген делегаттардың ұсыныстары мен сауалдары тыңдалды. Олар ескі үйлердің бағдарламаға енгізуін сұрады. 

Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:  

Жергілікті бюджетте ақша бар. Бұл бағдарлама арқылы біріншіден, азаматтарды баспанамен қамту көзделсе, екіншіден, құрылыс қарқынын үдету мақсаты тұр. Сондықтан, ескі үйлерді бағдарламаға енгізу тиімсіз.

Жиында Қазақстанда келесі жылғы "Жастар" жылына арналған арнайы жол картасы әзірленіп, оны атап өтудің бағыттары айтылды. 

Дархан КӘЛЕТАЕВ, ҚР ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:  

Қазіргі таңда аталмыш бастаманы жүзеге асыру бойынша Жол картасы әзірленіп қойды. Нақты міндеттер де белгіленді. Яғни, біз ауқымды әрі сырттай сән-салтанатты шаралардан бас тартып, «Жастар» жылын барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша тура қағидат негізінде жастар индикаторын енгізгіміз келеді.

Форумға шетел сарапшылары шақыртылып, пікірлері тыңдалды. 

Ричард МЕРФИ, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ САЯСИ КОНСАЛТИНГ БАҒЫТЫНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН СSM КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:  

Халық пен партия тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Волонтерлық жағын жетілдіру керек. Және де өздерінің жақтастарын әрқашан көз алдында ұстауы керек. Ол дегеніміз-оларға сайлау кезінде ғана жүгінбей, әрқашан сайлаушыларға хабарласып тұру керек, арнайы хаттар жіберіп, атқарған жұмыстарын көрсету қажет. Сонда ғана халық сенеді.

Ұйым басшылары осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, күрмеулі мәселелердің біразы шешіледі,-дейді. 

Ғани ӘБДІСАДЫҚ, «МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ ГАЗ»АҚ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Жалпы, ұйымға мүшелерді алудан бастап талаптардың бәрі жаңартылып, сол мүшелерді қызметі барысында қалай сапасын жоғарылатамыз, қалай оқытамыз, карьерасы бойынша қалай жылжытамыз, зейнет жасына келген азаматтарды қалай шығарып саламыз деген екі аралықтағы мәселенің барлығын егжей-тегжейлі қарастырдық.

Форум барысында бастауыш партияларды жаңғыртуға арналған тұжырымдама бекітілді. Осы бойынша орындалатын нақты он қадам жасалды. Айта кетейік, аталмыш форум екі күнге созылады.  

У. Қабылтайұлы