Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысындағы ауылдарда спорт алаңдары көбейіп келеді

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2018
  • 3004

Ауылдарда спорт алаңдары көбейіп келеді. «Нұр Отан» партиясының «Мектептегі спорттық алаңдар» жобасы аясында Ақтөбе облысында 21 көп салалы спорт алаңы ашылған. Оның бесеуі қала мектептерінде, ал қалғаны аудандарда іске қосылды. Қаладағы №55 орта мектепте спорттық алаң қыркүйек айында ашылған. Күн жылы кезде балалар мұнда дене шынықтыру сабағын өткізеді. Бір ыңғайлысы әмбебап спорттық алаң балалардың қауіпсіздігі үшін қоршалған. Қыста оқушылардың аяқтары таймас үшін арнайы төсеніш төселген. Спорт алаңы балалар мен ересектер үшін күні-түні ашық тұрады.  

Әмірхан ОРАЗБАЕВ, №55 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: 

Жері ыңғайлы. Аз бала болып өзіміз тактикамен жақсы ойналады ойында.

Әлішер МӘЖИТ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Многофукционалдық дегенде негізі бес спорт түрі бар. Гандбол, футбол, баскетбол, волейбол, стритбол, шағын футбол барлығын осы жерде ойнауға болады. Дене шынықтыру сабағы аясында эстафета және қызықты басқа да шаралар өткізуге болады.

Б. Рахметова