Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны азайған

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2018
  • 2790

Ауруын жасырмаған аман қалады. Астанада иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны азайған. Бұл туралы бүгін дүинежүзілік осы ауруға қарсы күрес күніне арналған баспасөз конференциясында айтылды. Былтыр 170 иммун тапшылығы вирусы тіркелсе, биыл ол көрсеткіш 20 адамға кеміді. Өлім-жітім фактілері де екі есеген төмендеген. Бас дәрігер: «Егер, тұрғындар уақытылы тексеруден өтіп тұрса, жағдайды қазіргіден де жақсартуға болады»,-дейді.  

Сабит АБДЫРАЙЫМОВ, ЖИТС АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:  

Енді биылғы кампанияның басты ұраны–«Өз дәрежеңді біл!». Яғни, әрбір адам өзінің дәрежесін білуі керек. Яғни, АИТВ індеті бар ма, жоқ па деген сияқты. ДДҰ-ның шешімімен мысалға тұрған қала болсын, сол тұрған тұрғылықты халықтың 10 пайызын жылына өткізіп отыруымыз керек. Сондай тестілеуден. Бірақ, енді Астананың дәрежесін өздеріңіз білесіздер Астанаға келушілер де көп. Көптеген үлкен іс-шаралар болады. Сондықтан, біз 10 пайыз емес, жылына 28-30 пайызға дейін тестілеп отырамыз.

Астана иммун тапшылығы вирусы кең тараған 7 аймақтың қатарында. Оған халық саны мен келім-кетімнің көптігі басты себеп. Ауру негізінен жыныстық жолмен тарайды. Соңғы уақытта бұған жезөкшелік бизнеспен қоса бір жыныстылар арасындағы қатынас қатты әсер етіп отыр. Вирустың гомосексуалды берілу жолы Астанадағы жағдайдың 12,7 пайызын құрайды.  

Сабит АБДЫРАЙЫМОВ, ЖИТС АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:  

Осы Астанада сондай 4 түнгі клуб бар. Қазір біреуі жабылды, үшеуі бар. Біз сол кісілермен де қарым-қатынастамыз. Біз айына екі рет, үш реттен түнгі рейдке шығамыз. Сол жаңағы клубтарға барып, сондағы жүргендерді сол жерден біз тестирование жасаймыз. Қандарын алып сол жерден анықтаймыз.

Астана қаласында халықтың 84 пайызы тексеруден өткен. Яғни, вирус жұқтырмағанын біледі. Тестілеу жыл сайын ұлғайып келеді. Оның үстіне биыл орталық бірінші рет иммун тапшылығы вирусы компоненті бойынша Жаһандық қордың грантын алды. Сондықтан, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен күтім мен қолдау жұмыстары да күшейтіледі.