Русский Сайттың толық нұсқасы

Президентпен түскен үздік фотосуреттер байқауы жарияланды

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2018
  • 3014

«Жастар жылы» жүзеге асатын жол картасында 5 негізгі бағытқа басымдық беріледі. Бұл туралы бүгін елордалық жас көшбасшылар форумында белгілі болды. Бағдарламада сапалы білім, тұрақты жұмыспен қамту, жас отбасыларға қолдау көрсету, қолжетімді баспана және салауатты өмір салтын дәріптеуге ерекше назар аударылады. Қоғамдық даму министрлігі мен қалалық әкімдік өкілдері кешенді бағдарламаға жастар ұсынған тиімді жобалар да енгізіледі деп отыр.  

Асxат ОРАЛОВ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:  

Бүкіл аймақтарға хат жолдадық. Ұсыныстарды қабылдап жатырмыз. Және де Қазақстанда 500-ден астам үкіметтік емес ұйым бар жастар саясатымен айналысатын. Оларды белсене қатысуға шақырамыз. Ұсыныстар болса, қабылдауға дайынбыз. Осы бір-екі айдың ішінде бекітіледі деген сенім бар. Әсіресе, бүгін жастармен кездесіп, елордалық жастардың пікірін біліп, біраз өзекті мәселелерді көтердік. Ел алдымен, жол картасы жастар үшін жұмыс істеуі керек деп есептейміз.

Бұдан бөлек, тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы және мен» фотосуреттер байқауы жарияланды. Сайыс шарты бойынша қатысушы Нұрсұлтан Назарбаевпен түскен суретін #ElbasyJaneMen xэштегі бойынша әлеуметтік желіге жариялауы тиіс. Үздік фотосуреттер 6 номинация бойынша анықталмақ. Байқау 30 қарашаға дейін жалғасады.   

Данияр ЕСИН, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Елбасының түрлі сапары кезінде жастардың көбісі онымен суретке түсуге мүмкіндік алды. Өйткені, Президент жастарға аса көңіл бөліп келеді. Байқап қарасақ, осы уақытқа дейін де көптеген азаматтардың Президентпен түскен әсерлі суреттері бар. Сондықтан, аталған байқауға қатысушы қазақстандықтардың қатары көп болады деп ойлаймын.

А. Бектас