Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау мұнай өңдеу зауыты келер жылы дизель отынының өндірісін арттырады

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2016
  • 6847

«Павлодар мұнай-химия зауытының» қайта іске қосылуынан кейін өткен аптада бірнеше өңірде байқалған дизель отынының тапшылығы шешілді. Зауыттың біздің арнамызға берген жазбаша жауабында, биылғы жылдың қазан айында 160 мың тоннаға дейін дизель және 118 мың тонна бензин өндіру жоспары бары, жазылған. Павлодарлық зауыт жыл басынан қыркүйек айына дейін 1 млн тоннадан астам дизель шығарған. Төртінші тоқсанда дизельді отын өндірісі 440 мың тоннаға жуықтайды.

Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа жылдан дәл осы отын түрінің өндірісін арттырмақ. Үстіміздегі жылы зауыт 1 млн 370 тың тонна дизель шығарса, ендігі жылы оның көлемі 100 мың тоннаға артады.

Руслан  Ілиясов, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС өндірістік бөлім бастығы:

Келесі 2017 жылға Атырау мұнай өңдеу зауыты 1 млн 470 мыңдай дизель отынын шығаруды жоспарлап отыр. Болашақта мұнайды тереңдету, өңдеу кешені іске қосылғанда жылына дизель отынының өндіріс көлемі 1 млн 640 мың тоннаға дейін арттырмақ.