Русский Сайттың толық нұсқасы

Гауһартастар. Қымбат бұйымын құтқарса да, өзін құтқара алмаған патшайым...

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2018
  • 3716

Бағдарламаны аяқтағым келетін мынадай штрихтар бар. Бірінші деталь – Женевада Christie's аукцион үйінде өте сирек кездесетін қызғылт түсті гауһартас 5 минутта сатылып кетті. Рекордты 50 млн долларға. 19 караттан сәл кіші асыл тасты америкалық зергерлік Harry Winston үйі сатып алған. Бұл тас қанық түсімен, көпқырлылығымен ерекшеленеді. Оңтүстік Африка шахтасынан 100 жылдай бұрын табылған. Асыл тас қылып жонылған 1920 жылдан бері ешқандай өзгеріске түспеген.    

Екінші штрих: Францияның соңғы патшайымы Мария-Антуанеттаның зергерлік бұйымдары Женевада Sotheby's аукционында 42,7 млн долларға сатылды. Ілмегі гауһар, теңіз маржанынан тізілген алқа мен ортасына маржан жапсырылған гауһар салпыншақ және М.А деп бедерленген жүзікке жұрт таласып қалған. Барлығы 10 зат қойылған. Бұл көзден 2 ғасыр таса болған бұйымдар. Мария-Антуанетта Австрия императоры Франц I кенже қызы болған. Франция патшасы Людовик XVI күйеуге берілген.

 Мария-Антуанетта қазына қаржысын оңды-солды шашқан патшайым. Халықтың бір үзім нанға зәру екенін естіп, «аш болса, тоқаш жемей ме?» дегені жайлы аңыз да бар. Ал наразы жұрттың бүлігі ақыры революцияға ұласып, монархия құлап, Францияның республикаға айналғаны мәлім. Халық көтеріліске шыққанда Мария-Антуанетта бағалы зергелік бұйымдарын Австрияға жөнелтіп үлгерген екен. Алайда өзі қашып құтыла алмады. 1792 жылы, бір жерде 1793 жылы деп жазылады, 37 жасында өлтірілгенін де білеміз...

 Соңғы штрих: 81 жастағы британ суретшісі Дэвид Хокнидің «Суретшінің портреті(Екі фигурамен бассейн)» картинасы Christie's-ң Нью Йорктегі аукционында 90,3 млн долларға сатылды. Сөйтіп Хокни осы заманда өмір сүріп жатқан суретшілердің арасындағы дүниелері ең қымбат шеберге айналды.