Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирия келіссөздерінің 11 раунды Астанада өтеді

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2018
  • 2059

Осы айдың соңында Астанада өтетін Сирия мәселесі бойынша келіссөздерде Идлиб провиниясының жағдайы талқыланбақ. Қазір бұл аймақтағы ахуал сол жердегі лаңкестік топтарға байланысты өте күрделі,-деп мәлімдеді Сыртқы Істер министрі Қайрат Әбдірахманов. Сирия мәселесіне қатысты келіссөздердің 11 раунды Астанада қарашаның 28-29 күндеріне жоспарланған. Оның аясында жұмыс тобының алтыншы отырысы өтпек. Олар әдеттегідей тұтқындарды босату, мерт болғандардың мәйітін қайтару және із-түссіз жоғалғандарды іздестіру мәселесін талқылайды. Елордадағы жиынға Сирия үкіметі, Сирия қарулы оппозициясының өкілдері мен кепіл мемлекеттер-Түркия, Ресей, Иран қатысады деп жоспарланған.  

Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:  

Кепіл мемлекет өкілдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғары Комиссарымен және Қызыл Крест комитетімен тығыз қарым-қатынас орнату туралы жоспарлары бар. Олар бірлесіп, Сирияға гуманитарлық көмек жөнелту, босқындар жағдайын талқыламақ. Сондай-ақ, өздеріңіз білесіздер, Сирияның миллиондаған тұрғыны елді тастап қашуға мәжбүр болды. Оларды отанына қайтару мәселесі де өткір тұр. Міне, осылардың барлығы Астана процессінде талқынатын болады.  

Г. Тасболатқызы