Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда теңдесі жоқ «Оқушылар сарайы» ашылды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2018
  • 3195

Қызылжарда елімізде теңдесі жоқ «Оқушылар сарайы» ашылды. Бүгін балалар орталықтың жұмысымен танысып, қай үйірмеге ден қоятынын таңдады. Жалпы ауданы 15 мың шаршы метрді құрайтын нысанда шығармашылық, компьютерлік бағдарлау және биологиялық бағытта сабақтар жүргізілмек. Тек IT саласының өзінде 67 үйірме іске қосылды. Онда балалар робот, лего, дрон жинаудың қыр-сырына үйренеді. Арнайы бөлмелер кез-келген бұйымды басып шығаратын 3D принтерлермен жарақтандырылған. Ал, биотехнология бөлімінде 200-ден астам заманауи қондырғы орнатылды. Мұнда күрделі құрылғылардың көмегімен өсімдікті топырақсыз өсіруге мүмкіндік бар.  

Құмар АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Оқушылар сарайы тікелей Елбасының тапсырмасымен ашылды. Орталық 1800 балаға шақталған. Мұнда 67 үйірме жұмыс істемек. Біз балаларды әлемнің үздік қондырғыларымен қамтуға тырыстық. Осында білім алатын оқушылардың аты ертең жер жаһанға жайылатынына сенімдіміз.

Сарайда балалардың шығармашылық дамуына да жағдай жасалған. Ән, би және түрлі аспаптарда ойнау шеберлігін жетілдіретін арнайы үйірмелер ашылды. Ал, журналистика мамандығын меңгеруге ниеттілер үшін киностудия іске қосылды. Озық технологиялмен жабдықталған орталық жас тілшілерді даярламақ.  

Махаббат ЖАНАХМЕТОВА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:  

Осы уақытқа дейін менің журналистикалық қабілетімді дамытатын ешқандай жағдай болған жоқ. Қазіргі кезде менің осында толықтай дайындалуға мүмкіншілігім бар деп ойламын. Менің көргенім бойынша, мұнда камералар бар, журналистке керекті заттар бар.

А. Құрманкин