Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде лаңкестік топ құрмақ болған екі күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2018
  • 1992

Ақтөбеде лаңкестік топ құрмақ болған екі күдікті ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті осындай хабарлама таратты. Қолға түскен екі жігіттен қолдан жасалатын жарылғыш зат бөлшектері мен суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ соғыс әрекеттерін жүргізу нұсқаулығы табылған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер радикалды діни сенімде болған. Ақтөбедегі жедел-іздестіру шарасы 15-ші қарашада өтті. Ал, 17-сі күні олар сот санкциясымен қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.  

Г. Меңдеева