Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте екі жүздей адамды уландырған балмұздақ мәселесі сотта қаралып жатыр

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2018
  • 2550

Шымкентте екі жүзге жуық адамның улануына себеп болған «Балмұздақ» ісі сотта қаралып жатыр. Әл-Фараби аудандық сотына зардап шеккен 160 адамның арызы түскен. Сотқа қатысқандардың ашуы әлі де тарқамаған. Айтуларынша, ерте көктемде балмұздақтан тапқан кеселден көпшілігінің ұл-қызы әлі толық сауыға қоймапты. Сондықтан, олардың бірнешеуі жеке кәсіпкерден кемі 30 мың теңге, алды 2 млн теңгеге дейін моральдық және материалдық шығын өндіріп беруді талап етіп отыр.  

Ақбаян ОРМАНОВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ: 

Он күн бойы ақылы палатада жаттым. Антибиотиктерді уыстап іштік. Қызым қазір де өте әлсіз. Қалайша мұндай жағдайға жеткізуге болады, мен түсінбеймін. Сол күні сатушы қыздың үстінде халаты да, қолғабы да болған жоқ. Бәрі ақша тапқысы келеді. Бірақ, бұл бала өмірі емес пе? Барынша қатаң жазаланса деймін.

Еске салайық, Шымкентте наурыз айында құйылмалы балмұздақ жеген 188 адам бір күнде ауруханаға түскен еді. Мамандар жаппай улануға балмұздақты әзірлеу кезінде санитарлық талаптар сақталмағанын айтқан болатын. Тәттіні әзірлегендер мен оны сатқан жалпы саны 12 адам тексеріліп, 2-нен «Сальмонеллез», тағы біреуінен «Стафилококк» қоздырғышы табылғанын санитарлар растаған.   

А. Төребекқызы