АҚШ, Ресей, Қытай және ЕуроОдақ арасында байланыс орнатылғанда ғана сауда соғысы мен қасарысқан қарымта санкциялар тыйылады. Бүгін Ақордада дипломатиялық корпуспен өткен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев осылай,-деді. Мемлекет басшысы әскери келісімдердің күшін жоюы қарулану бәсекесі қаупін тудырғанын айтты. Президент аузын айға білеген алып ел басшылары әлем алдындағы жауапкершілікті сезініп, келіссөздерді бастауы тиіс деп отыр. Мұны мемлекет басшысы әріптестеріне де жеке-жеке айтқан. Әлемді алаңдатқан ауқымды мәселені шешудің басқа баламасы жоқ. Осылай деген Президент Қазақстан Астана процесіне қатысушы кепілгер елдердің мемлекет басшыларын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Сегодня мы выражаем нашу обеспокоенность наступлением пиковой напряженности в международной политике. Однако, в отличие от эпохи холодной войны, современный мир стал многополярным. В то же время новые правила еще не определены. Вследствие этого риски и кризисы зачастую непредсказуемы. В этих условиях мы стали свидетелями беспрецедентного ужесточения глобальной конкуренции, провоцирующей рост конфликтного потенциала во всем мировом масштабе.
Қазақстан әлемнің 184 елімен байланыс орнатқан. 57 ел Астанаға елші жіберсе, Қазақстан 98 мемлекетте өкілдігін ашқан. Жыл сайын өтетін дәстүрлі кездесуде келер жылы елордада дипқалашық ашылатыны белгілі болды.
Г. Меңдеева