Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде соңғы үш жылда суицид саны 50 пайызға азайған

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2018
  • 3201

Соңғы үш жылда жастар арасында суицид 50 пайызға азайған. Бұл туралы Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кезекті отырыста Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен жиында «Ел ертеңі-болашақ жастардың қолында» Жол картасының жобасы да талқыланды. Құжат жастардың әлеуетін дамыту мақсатында жасалған.  

Жиында суицид мәселесі сөз болды. Елжан Біртанов жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауын алдын алу мақсатында ұсыныстарын жеткізді. Қазіргі таңда министрлік ЮНИСЕФ халықаралық сарапшыларын тарта отырып суицидке қарсы 9 аймақта жаңа бағдарлама енгізген. 

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:  

Суицидке жаңа бағдарлама енгізіп жатырмыз. Жоғарғы деңгейде болғандықтан, жақсы нәтижелер көріп отырмыз. Жастар арасында 5-17 жастағылардың суицид саны 50 пайызға дейін түсті. Бірақ, кейбір өңірлерде толық қолдау жоқ жергілікті атқару органдармен. Сонымен, осы мәселені біз көтердік. Жастар кеңес мүшелернен көмек сұрап жатырмыз жаңа бағдарламаны қолдау үшін.

Сондай-ақ, биыл жастар арасында қылмыс саны 4 пайызға азайған. Көбін оған итермейлейтін жұмыссыздық,-дейді. Мәселен, Ішкі істер минстрлігінің ақпарынша, жұмыссыз жастар жыл сайын 35-40 мыңға жуық қылмыс жасайды. Заңсыздықтың алдын алу үшін оларды еңбекпен қамтып, психологиялық көмек көрсету керегі айтылды.  

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, «ЖАСТАР ҮНІ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Бізді қуантатын жағдай Жастар және отбасы болып жаңа комиттетің құрылуы бұл осы шарулардың атқруының алғы шарты деп білемін. Осыған дейін жастар департаменті болды. Енді қазір жеке дара комитет. Бұның өзі жастарға бөлінетін көңілдің, жастарға бөлінетін қала берді қаржының, жастарға бөлінетін ықыластың, ниеттің көбейгендігінің бір көрінісі.

Қоғамдық даму министрлігі даярлаған Жол картасы шеңберінде негізгі 11 жұмыс бағыты белгіленген. Атап айтсақ, білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті дамыту сияқты маңызды бағыттар қамтылған. Жоба мемлекеттік органдармен келісілген соң желтоқсан айында Үкімет отырысында қаралады. 

Д. Сапарқызы