Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент мақаласына қатысты нұротандықтар пікірі

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2018
  • 4117

Тасын түртсе, тарихы сөйлейтін ұлы даланың түп-тамырына енді терең үңілеміз. Президент мақаласына қатысты нұротандықтар осындай пікір білдірді.  

Жанар БОҚАНОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Ең алдымен ежелгі уақыттан қазіргі заманға дейін барлық әлемдегі, біздің еліміздегі архив материалдарын көтеріп, оны жан-жақты зерттеп, өзіміздің тарихымызды жаңа көзқараспен жазу мақсаты. Менің ойымша, бұл өте маңызды жобалардың бірі.

Әділ ҚОЖЫҚОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ел тарихының аса маңызды әрі негізгі көзқарасын қалыптастырмақ. Ол әлем тарихындағы Қазақстанның ерекше орнын айшықтап береді. Өйткені, түрік этносы қазақ ұлтының қалыптасу тарихында өте маңызды рөл атқарды. Қазіргі Қазақ елі қоныстанған ұлы далада талай тарихты жасап берген тұлғалар өмір сүрді.