Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Электролизі зауытының экспорттық потенциалы 90 пайызға жеткен

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2018
  • 3349

Павлодарда Электролиз зауытының экспорттық потенциалы 90 пайызға жетті. Бүгінде отандық өнім әлемнің 20-ға жуық мемлекетіне саудаланады. Зауыт өндірістік жоспарды жыл сайын артығымен орындайды. Бұл «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы-Қазақстан даму банкінің қолдауымен мүмкін болған. Атап өтері, банк бұған дейін электролиз зауыты құрылысын қаржыландырды. 

«Қазақстан электролиз зауыты»-алюминий шығару бойынша елдегі бірегей зауыт. Кәсіпорын сапалы өнім алуға мүмкіндік беретін заманауи технологиялармен жабдықталған. Жобалық қуаты-жыл сайын артып келеді. Биыл 258 мың тонна өнім шығармақ. Ол былтырғыдан 4 мың тоннаға артық. Салмағы 20 келілік А8 және А85 маркалы құймаларға сұраныс жоғары.    

Бауыржан СМАЙЫЛОВ, «ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЛИЗІ ЗАУЫТЫ» АҚ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ М.А.: 

Экспорт мөлшері 90 пайыз. Көбіне ол Ресей мемлекетіне, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттеріне, одан әрі Оңтүстік, Орталық Еуропа мемлекеттеріне жіберіледі. Бірақ та өзіміздің ішкі зауытта да пайдаланылады. Бірнеше жылға жоспарланған бағдарламамыз бар. Ол тоқ қуатын көтеру. Сондықтан, жыл сайын 1000-2000 дейін көтеру бағдарламамыз бар.

Зауыт өңірде 11 жыл бұрын ашылған. 2010-жылы олар Қазақстанның даму банкімен әріптестік орнатты. Сол кезде 15 жылға 400 млн доллар болатын несие рәсімдеген. Ол қаражаттың бір бөлігі Электролиз кешені құрылысының 1-ші кезеңін аяқтауға бағытталды. Қалған қаржы зауыт аясында ашылған анод өндірісіне құйылған.   

Бақытжан ОМАРОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІНІҢ КЛИЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ АҒА БАНКИРІ:  

Инвестициялар электролиз зауытының бастапқы құрылысына бағытталды. Бірінші кезекте, мұндай зауыттың баламасы Қазақстанда болған жоқ. Компания жылына 250 мың тонна өнім өндіріп өзінің өндірістік қуаттылығына шықты. Өнімге тұрақты сұраныс бар. Лондонның металлдар биржасының айналымында бар. Бұл жақсы көрсеткіш.

Зауыт өнімнің 10 пайызын ішкі нарыққа саудалайды. Кәсіпорын елдегі бірқатар өндіріс ошақтарымен тығыз байланыс орнатқан. Соның бірі-Павлодардағы қоспалы алюминий өндіретін зауыт. Мұнда шығарылатын автомобиль дискілері Қазақстан Электролизінің өнімінен жасалады. Кәсіпорын 2-ші кезеңінің құрылысына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.   

Ә. Мұхитқызы