Русский Сайттың толық нұсқасы

Фольклорын 100 том етіп шығарған қазақ сияқты ұлт аз

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2018
  • 4505

Ішкі істер саласын реформалау туралы декларациялау бар да, оны іске асыру бар. Қандай жағдайда өзгеріс болады–төмпеш бұйрықпен бе, жоқ әлде, ішкі түйсік, санамен бе? Қайсысы басымырақ болуы керек? Полицейлер домбыра үнін ұмытқан ба?..  

Алматыда қазақ фольклорын жинаумен айналысып, 30 жыл өмірін қазақ халық ауыз әдебиетін топтастыруға арнаған ғалым, ұлтымыздың фольклоры мен ауыз әдебиеті енген 100 томдықты бастырған Тоқтар Әлібек біздің тілшімізге тағы да 100 томға арқау болатын құнды дүниенің жинақталып тұрғанын көрсетті.

Мына кабинетте 100 томға арқау болатын қолжазбалар сақталған. Олар қапталып тұр. Былайғы жұрт мұнда не барын білмейді. Зерттеушілер осыншама дүниені кітап қылып шығарып, сөрелерге тізіп қоюға қарсы. Бірден цифрлық жүйеге түсіруді ұсынады. Ол үшін құны 100 мың АҚШ долларына дейін бағаланатын сканерлік аппараттар қажет.    

Тоқтар ӘЛІБЕК, ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЖИНАҚТАУШЫ:

Жақында Өзбекстанға бардым. Сонда ірі шығыстану институты бар. Әлгі жерде біз айтып отырған осы аппараттың 7-і тұр. Бізде ол жоқ. Істеп отырған жұмыс жер мен көктей. 

Тоқтар Әлібек 2014 жылы «Бабалар сөзі» атты жүз томдық шығарманы жарыққа шығарған. «Біз, мұрасын 100 том етіп шығарған жер бетіндегі жалғыз халықпыз»,-дейді фольклортанушы. Отырықшы алып империялар қазақ ауыз әдебиетінің мұраларымен теңесе алмайды.  

Тоқтар ӘЛІБЕК, ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЖИНАҚТАУШЫ:

Мұнда мәселе мынадай, біз «Бабалар сөзін» кітап етіп шығарғанда жалпы мына қолжазбаларда жатқан шағатай, араб, латында жазылған шығармаларды қазіргі жастар оқи алмайды. Жас емес біздің қазақтың 99 пайызы осыны білмейді. Мысалы, бір жырды, «Алпамыс» туралы жырды белгілі жырауға айтқызып, себебі сарынмен тыңдау жеңіл ғой, сондықтан электрондық жүйемен енгізіп, тарату. Оны пайдалану да өте тиімді.

Тамара ДҮЙСЕНОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Мен мақаланы оқып отырып бірнеше мәселені өзіме түйіндедім. Яғни Елбасы «Ұлы даланың жеті қырын» айта отырып біздің алдымызға бірнеше талаптар қойған сияқты. Біріншіден, күллі түркі халқының қара шаңырағы болған Қазақстан сол тізгінді ұстап қалу үшін, сол мүмкіндіктен айырылып қалмау үшін мына бүгінгі ұрпақтың болмысы жаңа кезеңге сай болу керек. Бұл – бірінші талап. Ал осыдан шығатын нәрсе сананың жаңғыруы. Адамдық болмыс ол сананың деңгейімен өлшенеді. Сондықтан Елбасының қойып отырған екінші талабы біздің білімді болуымыз, ғылымды дәріптеуіміз. Мақалада айтылып отыр ғой: мектеп қабырғасынан бастап ұлттық тарихты оқу, оны бойымызға дарыту, содан ары қарай өзіміз дамып, елді дамыту. Міне осы екінші үлкен талап біздің алдымызға қойып отырған. Үшіншіден, түркі халықтарымен одан ары қарай туыстық қатынастарды дамыту үшін және тек қана біздің маңдайымызға жазылған мәдени мұраны ары қарай жалғастыру үшін Елбасы үлкен бастамаларды, жобаларды беріп отыр. Сол жобаларды тағы да қалай көрегенділікпен жүзеге асыру керек екенін де айтып отыр. Соның ішінде рухани астанамыз Түркістан, ежелгі Отырардың тарихын қайта жаңғырту, содан кейін түркі халықтарының мәдени күндерін өткізу осының барлығы тың бастамалар деп ойлаймын. Бізге қойылып отырған тағы бір талап жалпы біздің өнерімізге деген, біздің ұлттық кодымыздың негіздерінің бірі болған ауызша және музыкалық дәстүрімізді одан ары қарай жалғастыру. Егер де осы бастама, осы бағыт бойынша біз «Дала фольклорының антологиясын» жасап шығарсақ, осы бағыт бойынша ұлы даланың көне сарындарының жинағын шығаратын болсақ біздің өнеріміз үшін айтулы жаңғырту болар еді деп пайымдаймын. Соңғы бір өзіме алған түйіндемем жалпы елдің елдігін білдіретін ерлері. Ал ердің ерлігін білдіретін ел ғой. Сондықтан да ұлттық қаһармандарымызды, ұлы ойшылдарымызды, елді парасатпен басқарған тұлғаларымыз туралы деректі фильмдер шығару, болмаса телесериалдар шығару біздің ұлттық тәрбиеміздің бойына қан жүгіртіп, жақсыға еліктеу, жаманнан жирену сияқты әдептеріміздің ары қарай жандануына үлкен әсері тиеді деп ойлаймын.