Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Корея Республикасына мемлекеттік сапарын қорытындылады

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2016
  • 3493

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасына мемлекеттік сапарын аяқтады,-деп хабарлайды Ақорда. Сапар қорытындысы бойынша отандық БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізді. Елбасы Оңтүстік Корея көшбасшысы Па Кын Хемен өткізген келіссөздердің жемісті болғанын айрықша атады. Сондай ақ елдің іскер топ өкілдерімен болған кездесуге де тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы говорили о том, чтобы южнокорейские компании, в частности, LG, участвовали в крупнейшем проекте - газохимическом комплексе, который мы собираемся строить. Это же компания работает в реконструкции Атырауского нефтеперерабатывающего завода. Это крупный проект. Миллиардный.

Нұрсұлтан Әбішұлы екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық маңызын атап өтті. Оңтүстік Кореядағы бизнес иелері Қазақстан экономикасына 10 млрд долларға жуық қаражат салған.

Жаңа инвестициялар тарту бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Қазақстанда өнеркәсіптің өңдеу секторын дамытуға баса мән берілген. Экономиканы әртараптандыруда Оңтүстік Кореямен өзара іс-қимылды жандандырудың пайдасы мол екеніне де тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазіргі кезде Қазақстанда 500 корей-қазақ бірлескен компаниялары жұмыс істейді. Көп мамандар жұмыс істейді. Ең ірі корей компанияларының басшыларымен кездестік. Олар дүниежүзінің көптеген елдерінде істейтін трансұлттық компаниялар - бізге өте қажет. Барлығы 17 компанияның басшысы сөйледі. Барлығының Қазақстанда жұмыс істейтін ынтасы зор. Біз соны пайданалуымыз керек.

Елбасы "салқын тиіп ауырып қалған кезімде интернетте халықтың алаңдаушылық білдірген пікірін оқыдым" деді. Сауығып кетуіне тілектес болған отандастарының жүрекжарды лебізіне Нұрсұлтан Назарбаев ризашылығын жеткізді. Осындай мемлекеттік маңызы бар сапарларда жұмыс кестесі күрделі болатынын да жасырмады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я эти дни сплю 3-4 часа максимум. Мозги когда постоянно работают, тебе надо вести серьезные переговоры. Причем убедительные переговоры. А чем еще Казахстан может взять? Своим убеждением, своей политикой. Своей верностью делу мира, делу ядерного разоружения. Мы заслужили уважение многих стран мира и здесь тоже. Поэтому не устаю.