Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай бағасы бұдан бетер түсуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2018
  • 2283

Ал, күні бұрын Bloomberg мұнай нарығына қатысты өз болжамдарымен бөлісті. Егер, ОПЕК пен Ресей қазіргі өндіріс көлемін сақтап қалса, қара алтын құны бұдан бетер құлдырайды дейді басылым. Бұл шикізатқа тәуелді елдерге қауіпті. Ал, АШҚ өндірушілері баррель бағасы 30 доллаға түссе де «Мыңқ» етпейді. Соңғы 10 жылда америкалықтар 114 мың мұнай кенішін ашқан. Қазір күніне 16 млн баррель өндіреді. Ол Ресей мен Сауд Арабисянынан да көп. Мұнай нарығы бұрын-соңды мұндай проблемаға жолықпаған. Өндірісті азайтып, нарықты реттеуге мүмкіндік болатын, дейді сарапшылар. Қазір жағдай ырықтан шығып кетті. Америка өндіріс көлемін арттырып, бәсекелестерін тақырға отырғызады деген қауіп бар. Ал, бұған тоқмейілсіген АҚШ президенті өзін мұнай бағасының түсуімен құттықтады.  

М. Дюсекина