Русский Сайттың толық нұсқасы

Көмір 20 пайызға дейін арзандайды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2018
  • 3169

Көмір бағасы 20 пайызға арзандайды. Үкімет көмір өндіруші команиялармен осындай келісімге келген. Бүгінде қатты отын бағасы тоннасына 15 мың теңге тұрады. Алдағы уақытта Шұбаркөл көмірі 15-20 пайызға, Қаражыра 6 пайзыға арзандамақ. Дегенмен, бұл баға тұтынушыға жеткенше құбылып шыға келуі мүмкін. Премьер-министр осыған тосқауыл қоюды тапсырды.  

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: 

Төмендеп жатқан бағалар тупиктерде әрі қарай көлікпен тасу әкімдердің жұмысы. Егер, ол атқарылмаса, 17-20-ға түскен көмір бағасы, тасымалдаушыға кетіп қалады. Тұтынушы ешқандай төмендеушілік көрмейді. Құрметті әкімдер, негізгі жұмыс сіздердің тараптарыңызда. Үкімет көмір өндірушілермен келісімдер жасалды. Тұтынушыға дейінгі бағаны қолдарыңызға алуды сұраймыз.

М. Дюсекина